33-2-бап. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін орналастыруға міндетті.
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) болған жағдайда, бұл туралы ақпарат тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында міндетті түрде орналастырылуға тиіс.
2. Электрондық коммерция арқылы тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері (мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпаратты уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтеме арқылы, сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығын көрсету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы орналастырылуға тиіс.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) пайдаланатын интернет-ресурста оның байланыс деректері (нақты мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпараттың орналастырылуы міндетті.
Тізім
ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Түркістан қ., Жаңа қала ш/а, 32 көше, 16 ғимарат
